ТҮРКІСТАН: Су тасқынынан қорғауға арналған кешенді іс-шаралар жалғасуып жатыр

0
80

Шаян өзеніндегі жағалау қорғаныш бөгендерін нығайту жұмыстары аяқталу сатысында.


ТҮРКІСТАН: Су тасқынынан қорғауға арналған кешенді іс-шаралар жалғасуып жатыр

Түркістан облысында су тасқынынан қорғауға арналған кешенді іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында су тасқынының алдын алу мақсатында дайындық шаралары жүргізілуде. Бәйдібек және Мақтаарал аудандарында қорғаныш бөгендерін нығайту, көпірге күрделі жөндеу жүргізу және суару жүйелерінің жарамсыз учаскелерін ауыстыру жұмыстары атқарылуда. 2025–2026 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу жөніндегі инженерлік жоспар аясында Шаян өзеніндегі жағалау қорғаныш бөгендерін нығайту жұмыстары аяқталу сатысында. Облыстық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірге күрделі жөндеу жүргізілуде, елді мекендерде суару жүйелерінің істен шыққан учаскелерін жөндеу және ауыстыру жұмыстары орындалуда.


Жүргізіліп жатқан бұл іс-шаралар алдағы уақытта таулы аймақтардан келетін еріген және жаңбыр суын елді мекендер арқылы қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.

Бөлісу