ТҮРКІСТАН: Су үнемдеу технологиясын ендіруге шетелдік инвесторлар тартылады

0
272

Ирригациялық мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыру жолдарын ұсынды.


ТҮРКІСТАН: Су үнемдеу технологиясын ендіруге шетелдік инвесторлар тартылады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «INNARI Innovation Nature Irrigation» компаниясының директоры Ян Фридельмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының су үнемдеу технологиясын ендіру және өңірге инвестиция тарту бойынша тапсырмасына сәйкес бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «INNARI Innovation Nature Irrigation» компаниясының директоры Ян Фридельмен кездесті. Топырақты ылғалдандыруға арналған құбыр өндірумен айналысатын неміс компаниясының басшысы өнімдермен таныстырып, ирригациялық мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыру жолдарын ұсынды.


«INNARI Innovation Nature Irrigation» өнімдері Қазақстан нарығында 2013-жылдан бері қолданыста. Компания Түркия, Сауд Арабиясы, Марокко, Испания, Оңтүстік Корея және Қытай елдерінде ірі жобаларды жүзеге асыруға атсалысып келеді.


Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын кеңінен қолдану тапсырмасы аясында бүгінге дейін 17,3 мың гектарға жаңа технологиялар ендірілді. Технологияның қол жетімділігін арттыру мақсатында жылына қуаттылығы 73,0 мың гектар алқапты қамтамасыз ету мүмкіндігі бар 3 зауыт іске қосылды. Бұл нарық бағасын 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Су үнемдеу технологияларын ендіру шығыстарының 80 пайызы мемлекет тарапынан субсидиялануда. 2024 жылы 28 ауылшаруашылық кооперативіне 4673 гектарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.


Кездесу барысында Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі ауыл шаруашылық саласының көрсеткіштеріне тоқталып, мемлекет тарапынан көрсетілген жеңілдіктер жайын жеткізді. Серіктестік байланысты нығайту жолында екі жақты нәтижелі шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.

Бөлісу