Іздестіру жұмыстары жалғасады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Дархан Сатыбалды суға батқан марқұмдардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан өңірінің басшысы Отырар ауданы аумағында орын алған қағйғылы жағдайға байланысты марқұмдардың отбасына көңіл айтып, қара жамылған жанұяларға қолдау көрсетілетінін айтты.
«Түркістан облысы, Отырар ауданында қайғылы оқиға орын алды. Сырдария өзенінде демалып жатқан бірнеше отбасы мүшелерінің суға батып кеткені туралы хабар жанымызды күйзелтті. Жүрекке ауыр тиді.
Оқиға орнына құтқару тобы, ТЖ және полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Менің тапсырмам бойынша екі орынбасарым оқиға орнында жүр. Марқұмдардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын.
ТЖ қызметкерлері мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы аталған жерге суға түсуге болмайтындығы жайлы жан-жақты ескертулер жүргізген. Тыйым салынған орындарда шомылудың зардабы мен сақтық шараларын ескермеудің салдары осындай қайғылы жағдайға ұласып отыр.
Құрметті жерлестер!
Су және өрт қауіпсіздігін сақтауларыңызды өтініп сұранамыз. Балаларға абай болыңыздар! Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіздер!
Іздестіру жұмыстары жалғасады. Марқұмдардың отбасыларына қолдау көрсетіледі. Біз жерлестерімізбен біргеміз…», - деді Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды.