«Түркістан таланаттары» жобасы Созақ ауданында жалғасты

0
556

Кеш кейіпкерлері өз туындыларын оқып, сырларымен бөлісті.


«Түркістан таланаттары» жобасы Созақ ауданында жалғасты

Созақ ауданында «Түркістан таланттары» жобасы жалғасын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Түркістан таланттары» жобасы Созақ ауданында жалғасын тапты. «Мыңжылқы» мәдениет сарайында өтіп жатқан кездесу кешінің кейіпкерлері – Созақ ауданының перзенттері, ардақты ұстаз, ақын Тұмартай Дінтайұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, драматург, режиссер Сая Қасымбек, ақын, журналист Гүлнар Өмірбек.


«Күй елі – жыр елі» атты іс-шарасын Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов ашып беріп, кеш кейіпкерлерімен қатар ақын Айдар Сейдазым мен Әлімжан Әлішерді және облыстық кітапхана директоры Жанат Шардарбекованы аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, құрмет көрсетті.


Мазмұнды кешті ақын Айдар Сейдазым жүргізіп отырды. Кеш кейіпкерлері өз туындыларын оқып, сырларымен бөлісті. Шара барысында әсем ән шырқалып, жас оқырман тұлғалардың өлеңін оқыды. Сондай-ақ облыстық кітапхана директоры басқарма басшысының атынан сый көрсетіп, алғыс хат табыстады.


Айта кетейік, аталған жоба Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы мен облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған.