«Түркістан таланттары» жобасы жалғасып жатыр

0
868

Кеш кейіпкерлері сахна төрінде жиналған көрерменге өлең оқып, келушілермен сырласты.


«Түркістан таланттары» жобасы жалғасып жатыр

«Түркістан таланттары» жобасы өңірдің аудан-қалаларында жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңірдегі қаламгерлердің өнерін қалың оқырманға таныстыру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы «Түркістан таланттары» жобасын ұйымдастыруды қолға алған болатын. Жоба бастау алғалы Түркістанда елімізге белгілі Қасымхан Бегманов, Сабырбек Олжабай, Баян Бекетова, ал Ордабасы, Созақ, Сауран, Бәйдібек ауданында Тұмартай Дінтайұлы, Гүлнар Өмірбек, Сая Қасымбек, Айдар Сейдазым, Біржан Байтуов, Әлімжан Әлішер сынды қаламгерлердің кеші өткізіліп, оқырман қауымның ерекше ықыласына бөленді.


Тәрбиелік маңызы бар әдеби-мәдени жоба бүгін Түлкібас ауданында жалғасты. Түлкібас ауданының перзенттері, Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы, жас ақындар Ақбота Бейбітбек, Арайлым Мұраталиева және Сезім Мергенбай өңір қаламгерлерімен кездесу өтті. Алдымен келушілерге «Жаңа ғасыр жауһарлары» тақырыбында жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және аудандық маслихат төрағасы Хамит Байысбаев кешті ашып берді. Кеш кейіпкерлеріне Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың атынан алғыс хат табысталып, сый құрмет көрсетілді.


Кеш кейіпкерлері сахна төрінде жиналған көрерменге өлең оқып, келушілермен сырласты. Мектеп оқушылары ақындардың өлеңін оқып, әдебиетке асқан қызығушылық танытты. Айта кетейік, аталған жоба аясында облыстың өзге де аудан, қалаларында әдеби-мәдени кештер жалғасады.