ТҮРКІСТАН: Тәртіп сақшылары балық аулаға браконьерлерді ұстады

0
713

150  келіге жуық балық пен балық аулау құралдары тәркіленді.


ТҮРКІСТАН: Тәртіп сақшылары балық аулаға браконьерлерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторлары полиция капитаны Бексұлтан Кеңесов және полиция капитаны Жанболат Сапарбеков Ақтөбе ауылдық округіне қарасты «Қаракөл» көлінен браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасаған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері 2 браконьердің көлден балық аулайтын 3 ау торымен заңсыз балық аулап жатқандарын анықтаған. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ күдікті азаматтар сол ауылдың тұрғындары болып шықты.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Браконьерлерден 150 келіге жуық балық пен балық аулау құралдары тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2 күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жою заң аясында жауапқа тартылатынын еске салады.