ТҮРКІСТАН: ​Тәуелсіздік күніне орай пәтер кілттері табысталды

0
1 261

Еңбегімен дараланған біршама облыс тұрғындарына «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені мен «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалі және ҚР Құрмет грамотасы, ҚР Президентінің Алғыс хаты, «Nur Otan» партиясының белсенді қызметі үшін төсбелгісі табысталды.


ТҮРКІСТАН: ​Тәуелсіздік күніне орай пәтер кілттері табысталды

Тәуелсіздік мерекесіне орай облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий қозоғистон» газеттерінің бас редакторлары мен бірінші орынбасарларына пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
"Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, рухани шаһарға облыс орталығы мәртебесінің берілуде Тәуелсіздіктің бір жемісі. Жарлықтың жарияланғанына бір жылдан аса уақыт өтсе де Түркістан қаласы ажарланып келеді. Қала келбетіне көрік қосатын ғимараттардың алғашқылары пайдалануға беріліп өз жұмысын бастады. Бұл Елбасының Түркістан облысына, оның орталығы Түркістанға деген ықыласының ерекше екендігін көрсетеді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев тарапынан да қалаға маңызды қолдау көрсетіліп жатыр. Түрлі тарих толқындарынан аман өткен Түркістан қаласы еліміздің тәуелсіздігімен бірге жасап, жыл сайын көркейіп келеді. Енді біздің алдымызда Түркістанның туристік рухани және мәдени әлеуетін арттыру міндеті тұр", – деді Өмірзақ Естайұлы.
Салтанатты жиында еңбегімен дараланған біршама облыс тұрғындарына «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені мен «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалі және ҚР Құрмет грамотасы, ҚР Президентінің Алғыс хаты, «Nur Otan» партиясының белсенді қызметі үшін төсбелгісі табысталды. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий қозоғистон» газеттерінің бас редакторлары мен бірінші орынбасарларына пәтер кілттері берілді.