ТҮРКІСТАН: «TAYIBA» сүт өңдеу зауыты өңірлік экономиканың дамуына үлес қосып жатыр

0
92

Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады.


ТҮРКІСТАН: «TAYIBA» сүт өңдеу зауыты өңірлік экономиканың дамуына үлес қосып жатыр

«TAYIBA» сүт өңдеу зауыты өңірлік экономиканың дамуына үлес қосуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданында орналасқан «TAYIBA» сүт өңдеу зауыты бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып бастаған. Кейіннен кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылды. 50 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде өнімдер саны да көлемі де артқан. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады.

Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылуда. Айран мен қаймақ, құрт, сары май, ірімшік және өзге де өнім түрлері қосылған. Шикізат жергілікті тұрғындар және фермерлерден жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Өндірістің барлық кезеңдері автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтардың көмегімен бақыланады. Өндірісте сүтті қайнатып, өңдейтін вакуумдық цифрландырылған құрылғы қойылған. Өнімдер мұздатқыш камераларда сақталады. Өндірістегі құрылғылар Ресей, Қытай және Түркия мемлекетінен жеткізілген.

Бөлісу