Түркістан театрында алғаш рет музыкалық комедия сахналанады

0
919

«Беу, қыздар-ай!» спектаклі көрерменге ұсынылмақ.


Түркістан театрында алғаш рет музыкалық комедия сахналанады

Түркістан театрында алғаш рет музыкалық комедия сахналанады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін Түркістан музыкалық драма театрында өткен баспасөз жиынында жаңа қойылым режиссері Олжас Жақыпбек мәлімдеді. Оның айтуынша жарты ғасыр бұрын жазылған шығарманы театрдың жас актерлары мен балет әртістері қайта жандандырады. Сонымен қатар, басты рөлді сомдайтын өнер иелері мен шығармашылық топ журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Қанатбек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясы – Кеңес заманындаСоциалистік Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваға арнап жазылған шығарма.Заманауи өзгертілген «Беу, қыздар-ай! » спектаклінің көтерген тақырыбы әлеуметтік желінің белең алуы, ауылдағы білікті мамандар тапшылығы, қыздарға өзіне лайықтеңін табудың қиындығы сияқты келелі мәселелер болып саналады.


Спектакльді замануи сахналаған талантты, жас режиссержәне композитор – Олжас Жақыпбек, театрдың көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, балетмейстер – Мадина Мұратбекова, гримм бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова, қоюшы суретші – Нұрлан Төлешов. Әубәкір рөлінДанияс Нұрқабден мен Рамазан Өмірзақ сомдаса, композитор Сұлтан – Мұзафар Ғалымжанұлы мен Айбек Боранбаев және режиссер Хасен – Шерхан Саматұлы және Болатбек Оспан, Айсұлу рөлін Шұғыла Жәнібекова мен Ақбөпе Жеңсікбай ойнайды.


Айта кетейік, 1-2 және 7-8 мамыр күндері Түркістан музыкалық драма театры алғаш рет музыкалық комедия – «Беу, қыздар-ай!» спектаклініңпремьерасын көрерменге ұсынбақ. Сахнаға шыққанына қанша уақыт өтсе де, «Беу, қыздар-ай!» көрермені көп, құндылығын жоғалтпаған туынды.