ТҮРКІСТАН: Telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы workshop өтті

0
385

Аталған шараға 20-ға жуық адам және БАҚ өкілдері қатысты.


ТҮРКІСТАН: Telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы workshop өтті

Түркістанда Telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы workshop өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub Telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы workshop өткізді.


Аталған шараға 20-ға жуық адам және БАҚ өкілдері қатысты. Воркшопта Turkistan hub менеджері Ғалымжан Айтқалиев спикерлік етіп, телеграмды толық пайдалану жолдарын түсіндіріп өтті. Онда чаттар мен арналар, боттар және олардың автоматтандырылуы, сондай-ақ файлдарды сақтау және бөлісу жайлы айтылды. Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.


Айта кетейік, басқарма тарапынан бұған дейін pizza pitch шарасы өткізіліп, көптің қызығушылығын арттырған еді. Ендігі кезек, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.