ТҮРКІСТАН: Тілсіз жаудың алдын алу шаралары күшейтілді

0
92

Аудан, қалаларда арнайы жұмыс топтары құрылып, жұмыс тобына 925 адам енгізілген.


ТҮРКІСТАН: Тілсіз жаудың алдын алу шаралары күшейтілді

Түркістан облысында газ қауіпсіздігі мен өрттің алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту бағытында тұрақты жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан, қалаларда «Газ инспекция» коммуналдық мемлекеттік мекемелерін КММ құру көзделген. Алайда бүгінгі таңда Жетісай, Мақтаарал және Бәйдібек аудандарында КММ-лар құрылмаған және сектор ретінде қалып отыр. Бұдан бөлек аудан, қалаларда арнайы жұмыс топтары құрылып, жұмыс тобына 925 адам енгізілген.


Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Оның айтуынша, арнайы іс-шара жоспарлары бекітіліп, аудан, қала әкімдіктеріне орындау үшін жолданған. Бүгінде жұмыс барысы күнделікті қадағалануда. Жалпы облыс көлемінде 272 мың профилактикалық жұмыс жүргізілген. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұратын 2254 тұрғын үйлердің мұржалары тазартылып, аудандардағы инспекциялар арқылы 6 627 кемшілік қалпына келтірілді. Бекітілген іс-шара жоспарларына сәйкес облыста 131 мың газ датчиктері орнатылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.


Жиында облыс әкімі нақты тапсырмалар жүктеп, аудан, қала әкімдері әрбір жағдай бойынша терең талдаулар жүргізіп, орын алу себептерін нақтылап, қауіпті аумақтар бойынша жұмысты күшейті тиіс екенін атап өтті.


Сонымен қатар жиналыс барысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының қыс мезгіліндегі орындалу барысы талқыланды. Бағдарлама аясында өңірдегі жолдарды қалыпты жағдайда ұстау және қар тазалау жұмыстарына басымдық беріледі.

Бөлісу