20 салмақ дәрежесінде 300 ге жуық жас балуан қатысты.
Төлеби ауданындағы самбо біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданында жасөспірімдер арасында самбодан аудандық ашық біріншілік өтті. Дүбірлі додаға аудан аумағындағы барлық спорт мектебінен 20 салмақ дәрежесінде 300 ге жуық жас балуан қатысты.
«Самбо күресі - өңірімізде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен самбо күресі олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілді. Бұл ашық біріншілік спорттың осы түрін жаңа сатыға көтеруге көп көмегін тигізеді», - деді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мадияр Құрбаналиев.
Самбо күресінен байрақты бәсеке тартысты өрбіп, жеңімпаз атанғандар әр салмақ дәрежелері бойынша марапатталып, жеңімпаздар алтын, күміс және қола медальдерді мойындарына тағып, тиісті дәрежелі диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.