ТҮРКІСТАН: Төлебиде аудандық бюджеттің кіріс түсімдерін ұлғайту мәселесі қаралды

0
1 308

Ауданда бойынша бүгінде 280 млн. теңгеге салық алу айналымы анықталған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде аудандық бюджеттің кіріс түсімдерін ұлғайту мәселесі қаралды

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтауға арналған кезекті отырыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиналысқа аудандық мәслихаттың хатшысы, Төлеби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полицияның көші-қон бөлімінің, дербес салалық бөлімдер мен мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Бұл жиында, ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау, салық берешектерін өндіру туралы» өткен мәжілісте аудан әкімінің берген тапсырмасының орындалуы қаралды.

Тапсырмаға сәйкес қала, ауылдық округ әкімдері мен Төлеби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бірлескен жұмыстар атқаруының нәтижесінде, аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық есептеріне талдау жасалып, бүгінгі күнге 280 млн. теңгеге салық алу айналымы анықталған. Нәтижесінде, жеке табыс салығынан бюджетке қосымша 4 200,0 мың теңге өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда өсу құны 109,7 пайызды құраған.

Сондай ақ, Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық түсімін ұлғайтуда, жаппай кәсіпкерлік нысандарды қайта бағалау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, 2019 жылғы табыс етілген мүлік салығының есебі 2018 жылмен салыстырғанда 38 564,1 мың теңгеге артқан.

Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарына «online» жүйесі бар кассалық аппарат қондырғысын орнату, жеке тұлғалардың жер, көлік, мүлік салықтары бойынша пайда болған берешектерді өндіру, берешектері бар жеке тұлғалардың санын 70% кеміту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудандық мемелекеттік кірістер басқармасының тарапынан аудандағы кірістер органдарына тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жеке тұлғаларды, лицензиясыз алкаголь өнімдерін саудалап жатқан дара кәсіпкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар басталған.

Жиын соңында аудан басшысы мемлекеттік кірістер басқармасы мен қала, ауылдық округ әкімдеріне атқарылған жұмыстармен тоқтап қалмай, қосымша кіріс көздерін анықтап, салық берешектерін өндіруде ширақтылық танытуды тапсырды.