ТҮРКІСТАН: Төлебиде кәсіпкер өз аулынан халал дәмханасын ашты

0
1 173

Дәмхана Рухани Жаңғыру бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында бой көтерді.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде кәсіпкер өз аулынан халал дәмханасын ашты

Түркістан облысы, Төлеби ауданының тумасы, жеке кәсіпкер өз ауылынан халал дәмханасын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруда еліміздің кәсіпкерлері мен меценаттары тарапынан жақсы қолдау тауып келеді. Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық көрсетіп, қолдарынан келгенше игі жұмыстар атқаруда.

Осы орайда Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінің тумасы, жеке кәсіпкер Бегалы Шералыұлы туып өскен ауылына «Ырысбайұлы-Шералы ата» халал дәмханасын салып берді.

Мұнда ауыл тұрғындары кез келген уақытта ешқандай ақы төлемей-ақ құдайы, ауызашар өткізе алады. 30 млн теңге көлемінде соғылған ғимарат 252 адамға арналған. Әлеуметтік маңызы бар нысан орындық, ыдыс-аяқ сынды керекті заттармен толық жабдықталған. Тек жақсы істерді жасауға ниет еткен азаматтар болса болғаны.

«Бөтен жердің гүлінен туған жердің тікені артық» дейді қазақ. Әрбір отандасымыз кіндік қаны тамған, балғын балалық шағы өткен жеріне, ел алдындағы парызын өтеуге алдағы уақытта да ықпал ететініне сенімдіміз.