ТҮРКІСТАН: Төлебиде спорт кешенінің құрылысы басталды

0
389

«Шымкентцемент» АҚ заманауи спорт кешенін салып беруге уәде еткен болатын.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде спорт кешенінің құрылысы басталды

Төлеби ауданында спорт кешенінің қазығын қағу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы Төлеби ауданы әкімдігі, «Шымкентцемент» АҚ және «Киелі Қазығұрт» қоғамдық бірлестігі арасында үшжақты меморрандум жасалып, келісімге сәйкес «Шымкентцемент» АҚ Ақбастау ауылынан заманауи спорт кешенін салып беруге уәде еткен болатын.


Осы орайда Төлеби ауданы, Ақбастау елді мекенінде меморандум негізінде салынатын спорт кешенінің қазығын қағу рәсімі өтті.


Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев ауылдық округ халқын заманауи барлық талапқа сай келетін спорт кешенінің құрылысының басталуымен құттықтап, спорт нысанының алғашқы қапсуласын салды.


Ақбастау спорт кешенінің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 1 мамырында басталып, келесі жылдың осы уақытында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Тапсырыс беруші «Шымкентцемент» АҚ. Мердігер мекеме «Оңтүстік Энерго Строй-Сервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме «Корпорация Jana-Alem» ЖШС.


Ұлт денсаулығын нығайту, халықты бұқаралық спортпен айналысуға шақыру бағытталған кешенді жоспар кезеңімен жүзеге асуда. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында көптеген спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, ауданда 400-ге жуық спорттық нысан қызмет көрсетеді. Оның ішінде, 68 спорт зал, 294 спорттық алаңдар, 1 стадион, 2 жүзу бассейні бар. Өткен жылдың 10 айында спортпен шұғылданушылар саны – 50950 адамға жетіп отыр. Яғни, жалпы халықтың 41,9 пайызын құрауда. Жалпы аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерді 116 кәсіби жаттықтырушы-маман баптап жүр.

Бөлісу