ТҮРКІСТАН: Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды

0
714

Жер асты суларының деңгейі көтерілуі байқалды.


ТҮРКІСТАН: Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды

Түркістан облысында су сору жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 11 наурызы мен 16 наурызы аралығында жаңбыр түріндегі толассыз жауын-шашын салдарынан Жетісай және Мақтаарал аудандарының 2 ауданында жаңбыр суынан көшелер мен аулаларды су басып, жер асты суларының деңгейі көтерілуі байқалды. Төтенше жағдайлар департаменті және Жергілікті атқарушы органдардың (35 қызметкер мен 17 техника) тарапынан үйлерді су басуының алдын алу мақсатында, аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.


Сондай-ақ, Жетісай ауданы Қоғалы ауылы автожолының бойында "Қоғалы" қорғаныс бөгетін нығайту бойынша жұмыстар (бөгет жолдарды су басудан қорғауға арналған, бөгеттің ұзындығы 300 м, биіктігі 2-2,5 м, ені 3-6 м), инертті материалмен (38 текше метр тас және топырақ үйінді төсеу) арықтар мен каналдарды тазарту (Құрбан ата және Бәйтерек ауылдарында барлығы 500 метр тазартылды) жұмыстары жүріп жатыр.


Қазіргі таңда 241 аулалық аумақтан 35 119 текше метр су сорып шығарылды, оның ішінде 2022 жылғы 17 наурыз күні сағат 00-00-ден бастап 20 аула аумағынан 6 700 текше метр су сорылды.


Жұмысқа барлығы 170 қызметкер, 60 бірлік мотопомпа және 44 бірлік техника, оның ішінде ТЖ департаментінің жеке құрамынан 66 адам, 39 бірлік мотопомпа және 11 бірлік арнайы техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан 104адам, 21 бірлік мотопомпа және 33 бірлік техникасы жұмылдырылды.


Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Үйлерді су басу қаупі жоқ.