Кездесу «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үлгілі жас ұстаздарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін аудан әкімдігінің конференция залында аудан әкімі Н.Тұрашбеков білім саласында үлгілі қызмет атқарып жүрген бір топ жас ұстаздарды қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Еркін форматта өткен кездесудің мақсаты «Жастар жылы» аясында және мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін ауданымыздың білім саласында үлгілі қызмет атқарып жүрген жастарды одан әрі ынталандыру, мұғалімдердің қоғамда алар орындары бөлек екендерін жеткізу болды.
Кездесу барысында аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы әр жас ұстаздың ой-пікірін тыңдап, сұхбат құрды.
«Жас келсе-іске» деген дана халқымыз жастарымызға әр қашанда сенім артып, қолдау көрсетіп отырған. Бүгінгі кездесуде осы бағытта әңгіме өрбіп, ел болашағы жастарымызға жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беру мемлекетіміздің дамуының басты бағыттарының бірі екені айтылды.
Мерекелік кездесу барысында аудан басшысы жас ұстаздарға қазақ елінің мақтанышы, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай басылып шыққан өлендер жинақ кітабын тарту етіп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.