Базар бағасынан 15-20 пайыз арзанға түскен.
Түлкібас ауданының орталығында азық-түлік жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданының орталығында ауданға қарасты 5 ауылдық округтің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда келген тұрғындар қажетті азық-түлікті арзан бағамен сатып алуда.
Атап айтар болсақ, жәрмеңкеде базар бағасы 60-65 теңге болатын пияздың бір келісі 40 теңгеден сатылса, базарда бір келісі 2400 теңге болып тұрған қой еті 2000 теңгеден саудаланды.
Сонымен қатар, басқа да көкөніс пен жеміс түрлері базар бағасынан 15-20 пайыз арзан түсіп отыр.