ТҮРКІСТАН: Түлкібаста елді мекен көшелері жөнделіп жатыр

0
333

171 жол белгісінің 120-сы орнатылған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста елді мекен көшелері жөнделіп жатыр

Түлкібас ауданында елді мекен көшелері жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас ауданында биыл жалпы ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 15 көшеге және 3,2 шақырымдық аудандық маңызы бар 2 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жайында аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда бірқатар елді мекендердегі көшелерде және Елтай–Майлыкент, Түлкібас–Жәрімбетов бағытындағы аудандық маңызы бар жолдарда жөндеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін жоспарланған 171 жол белгісінің 120-сы орнатылған.

Бөлісу