2018 жылдың аяғында аудан бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 158 жанұяға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын.
Бүгін аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан орталығында соғылып жатқан көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап, сапасын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2018 жылдың аяғында аудан бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 158 жанұяға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын. Бүгінгі таңда тұрғын үй алуға өтініш берген азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауданда жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.
Аудан орталығындағы Бағысбаев пен Пушкин көшелерінің қиылысынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдаралама аясында соғылып жатқан 24 пәтерлік №2 үй, 32 пәтерлік №3 үй, және 64 пәтерлік №1, №3, №6, №7 үй құрылыстары қарқынды жүруде. Қазіргі уақытта 64 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді.
Сонымен қатар, Састөбе кентіндегі Жібек жолы көшесінен 64 пәтерлік №1 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан толық құжаттар дайындалып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсында жарияланды. Мердігер мекеме анықталған жағдайда құрылыс жұмыстары биылдан қалмай іске асатын болады.