Өткен жылы 1 шақырымға жуық жол жөнделсе, биыл қалған бөлігі толық аяқталады деп жоспарлануда.
Түлкібас ауданындағы облыстық маңызы бар жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Осыған дейін Түлкібас ауданы, Құлан және Сарытөр ауылының тұрғындары жол мәселесін көтерген болатын. Бүгінде жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын КХ-70 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 1 шақырымға жуық жол жөнделсе, биыл қалған бөлігі толық аяқталады деп жоспарлануда.
Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев және жауапты бөлім басшылары жөндеу жүріп жатқан жол бөліктерін аралап, сапасын бақылады. Жауапты мердігермен нысан басында кездесіп, жол құрылысының сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, мұнда жергілікті тұрғындарға қолайлы болуы үшін аяқ жол салынып, жол бойындағы су өткелдері мен көпірлердің құбырлары толық жаңаратын болады. Нысан құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.