ТҮРКІСТАН: Түлкібастық оқушылары мектепке кетіп қайта оралмаған

0
1 081

Түлкібаста кәмелет жасына толмаған сыныптас досы екеуі мектепке кітап өткіземіз деп кетіп, содан қайтып келмеген.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық оқушылары мектепке кетіп қайта оралмаған

Түркістан облысы полицейлері кәмелет жасына толмаған екі бірдей баланы тауып, ата-аналарына қайтарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып арызданады. Ол, өз арызында кәмелет жасына толмаған баласы мен сыныптас досы екеуі мектепке кітап өткіземіз деп кетіп, содан қайтып келмегенін айтады.

Аталған жайт Түлкібас АПБ-не тіркелген. Тексеру барысында арызданушы хабарласқаннан бір алдын 8-сынып оқушылары таңғы сағат 9:00 шамасында мектепке шығып, мектепке барып, мұғалімдеріне көрініп, жарты сағаттан соң кетіп қалғаны, одан кейін «Алматы-Термез-Ташкент» тас жолының бойында Шымкент қаласы бағытына қарай автокөлік тоқтатып тұрғандары анықталады.

Орын алған оқиға кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер жайлы, оның үстіне адам өміріне қатысты болғандықтан аудандық полицейлер шұғыл іске кіріседі. Түркістан облысы Полиция департаменті мен Шымкент қалалық Полиция департаментіне бағыттамалар жолданды. Балаларды іздеу мақсатында тәртіп сақшыларынан арнайы топ құрылып іздестіру шаралары жасалды. Оған қоса, қаладағы туыстарына хабар беріліп, қосымша туыстарымен де іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Полицейлердің шұғыл іздестіру шараларының, кәсіби шеберліктерінің нәтижесінде, яғни Түлкібас АПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Н.Өміралиев және ЖПҚ аға УПИ полиция майоры Н.Сатпаевтың қырағылығының арқасында Шымкент қаласынан кәмелет жасына толмаған балалар табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды. Олар соткаларын сатып, қыдырып жүргені белгілі болды. Өз кезегінде балаларын уайымдап, жандарын шүберекке түйіп отырған ата-аналар балаларымен қауышқаннан соң, полицейлердің жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертіп, осындай жағдайлар орын алса шұғыл «102» телефон нөміріне қоңырау шалуыңызды сұранады.