ТҮРКІСТАН: Тұрғындардан 13 млн. теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ ұсталды

0
774

«Пәтер алып беремін» деп алдаған.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындардан 13 млн. теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Түркістан облысында 13 миллионға жуық теңгені алаяқтық жолмен алған күдікті азамат ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, танысы Кентау қаласынан пәтер алып беремін деп алдап кеткенін айтқан. Ол танысының 9 000 000 теңге ақшасын алып, не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жүрген.


Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алып, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап, бөлімге жеткізді. Белгілі болғандай күдіктінің бұдан басқа 3 жайтқа қатыстылығы анықталды. Ол өз алдаған тұрғындардың әрқайсысын «пәтер алып беремін» деп алдап, алаяқтық жолмен 1 500 000 және 2 000 000 теңге ақшаларын алып, жалпы 13 000 000 теңгеге жуық шығын келтірген. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.