ТҮРКІСТАН: Туристік полицейлер қала тарихын дәріптеуге де атсалысып жатыр

0
468

Арнайы киім, қажетті техника, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.


ТҮРКІСТАН: Туристік полицейлер қала тарихын дәріптеуге де атсалысып жатыр

Түркістандағы туристік полиция – қала тұрғындары мен қонақтары қауіпсіздігінің негізі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығында 2019 жылдың көктемінде Туристік полиция - қызметін бастаған болатын. Қазіргі таңда Туристік полиция штатында 5 полицей жұмыс істейді.

Арнайы киім, қажетті техника, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген қызметкерлердің басты міндеті - туристердің қауіпсіздігін қорғау. Яғни, Рухани-мәдени орталықтағы туристік көлік жүруге арналған жол арқылы қызмет көрсетіп, жол сілтеп, коронавирус індетінен сақтану шараларынан да хабардар етуде. Аталған орталық - қала тұрғындары мен қонақтары көп келетін аумақ болып саналатындықтан қауіпсіздікті жандандыру басты мақсат болып табылады.

Аталған полиция қызметкерлері туристермен қарым-қатынас жасау үшін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Олар қала қонақтары қауіпсіздігімен қатар, қаланың көрікті де тарихи жерлерін көрсетіп, қала тарихын дәріптеуде.