ТҮРКІСТАН: Үстел теннисінен облыстық чемпионат басталды

0
1 105

150-ден астам жасөспірімдер өзара күш сынасты.


ТҮРКІСТАН: Үстел теннисінен облыстық чемпионат басталды

Түркістан облысында жасөспірімдер арасында үстел теннисінен облыстық чемпионат басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында «2022 жыл – Балалар жылы» және «ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы» аясында үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды.


2004 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында өтіп жатқан чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық мәслихат хатшысы, «Жетісай ауданының үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қатысты.


Сонымен қатар, «Жетісай ауданының үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Әлихан Утанов облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен жетісайлық жүлдегерлерді марапаттап, қаржылай сый-сияпаттар жасады.


«Сіздер жеңістеріңіз арқылы тек ауданның ғана емес облыстың мерейін асырып, республикаға паш еттіңіздер. Жетісайда салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спорттың даму деңгейін көрсеттіңіздер, жылдар бойы жасап жүрген жаттығуларыңыздың нәтижесін бағамдадыңыздар. Қашан да жолдарыңыз ашық, жеңісті күндеріңіз көп болсын!», - деді Әлихан Утанов.


Түркістан облысының әр аймағынан келген 11 командада 150-ден астам жасөспірімдер өзара күш сынасты. Жеңімпаздар мамыр айында Алматы қаласында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.