ТҮРКІСТАН: Вице-премьер жылыжай шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылады

0
539

Қазақстандағы барлық жылыжайлардың 70%-дан астамы облыс аумағында орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Вице-премьер жылыжай шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылады

Қазақстандағы жылыжайлар жақын арада республиканың қиярға деген сұранысын толық өтей алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Вице-премьер Серік Жұманғарин Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жылыжай шаруашылықтары иелерімен және жұмысшыларымен өзекті мәселелерді талқылады.


Қазақстандағы барлық жылыжайлардың 70%-дан астамы облыс аумағында орналасқан. Мамыр айының басында жылыжайда құлпынай өсірушілер ел нарығына енген импорттық және арзан тәтті жидектердің көптігі туралы мәселе көтерген болатын. Арзан импорт оларды шығынға ұшырауына ықпал етті. Тегісшіл ауылдық округінде Серік Жұманғарин фермерлердің мәселелерін тыңдау үшін жергілікті жылыжай иелерімен кездесті.


«Абдураман» шаруа қожалығының басшысы Аширафи Шымбергенов жалпы ауданы 33 га ашық және жабық жерде құлпынай өсіру жобасына 300 млн теңге инвестиция салған. Оңтүстік корея технологиясы бойынша салынған жылыжайдың көлемі 5,5 га. Технологияның ерекшелігі – күн сәулесін пайдаланады және арнайы жамылғымен жылытылған, соның арқасында жылыжай дақылдарын салу және өндіру қарапайым өнеркәсіптік жылыжайларға қарағанда 3 есе арзан. Жылуды аса көп қажет етпейді. Қыс мезгілінде шығынның 70%-на дейін жылуға жұмсайтын шаруашылықтар үшін бұл өте маңызды технология.


Вице-премьермен кездесуде шаруа қожалығының басшысы өндірісті кеңейту үшін инвестициялық субсидия ала алмайтынын айтып, мәселе көтерді.


Серік Жұманғарин ұсыныстарды тыңдап, мәселелерді мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қарауға және шешім қабылдауға уәде берді.