Әкімге облыс орталығында жүзеге асатын бастамалар таныстырылды.
Түркістан облысында құрылысы жүретін нысандардың сәулеттік жобалары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен облыс орталығының сәулеті жөніндегі кеңесте өңірде құрылысы жүретін нысандардың сәулеттік жобалары талқыланды. Әкімге облыс орталығында жүзеге асатын бастамалар таныстырылды.
Өңір басшысы қолға алынатын жобалалардың сапалы, халыққа жайлы, Түркістан қаласының Бас жоспары мен Дизайн кодына сай жүзеге асырылуын қатаң қадағалауды тапсырды. Барлық жобалалар дер кезінде аяқталып, ел игілігіне тапсырылуы тиіс.
Бас жоспарға шаһардың 2040 жылға дейінгі даму перспективасы енгізілген. Құжатта тарихи орындар мен ескерткіштерді сақтауға, қаланың инфрақұрылымын әрі қарай жақсартып, туризм саласын дамытуға басымдық берілген.
Түркістан қаласының Дизайн кодында сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар мен ережелер қамтылған. Басты мақсат – шаһардың мәдени мұрасын сақтай отырып, сәулет-көркемдік тұрғыда бірыңғай стиль қалыптастыру және қолайлы қалалық орта құру.
Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте облыс орталығында салынатын жаңа көпқабатты тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың жобалалары таныстырылды. Бірқатар жобалар мақұлданып, кейбір жобалаларға толықтырулар енгізілді. Құрылыспен бірге көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қатар жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімі салаға жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.