308 жарнамалық маңдайша мен ақпараттық тақтайша жаңа дизайн-код талаптарына сай қайта орнатылды.
Түркістанда жарнамалық нысандар бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес жаңартылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының сәулеттік келбетін біркелкі ету және қала аумағындағы жарнамалық нысандарды бекітілген дизайн-код талаптарына сәйкестендіру мақсатында жүйелі түсіндіру және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Дизайн-кодтың негізгі мақсаты — қала аумағындағы барлық жарнама мен маңдайша үлгілерін бірыңғай стильде реттеу, сәулеттік үйлесімділікті сақтау және Түркістанның ұлттық нақыштағы заманауи бейнесін қалыптастыру.
Осы мақсатта қала аумағында орнатылған жарнама нысандары мен маңдайшалардың бекітілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында жауапты бөлім мамандары тарапынан тұрақты мониторинг пен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қала аумағында 548 ретсіз орнатылған жарнама нысаны жойылды. Сонымен қатар, 308 жарнамалық маңдайша мен ақпараттық тақтайша жаңа дизайн-код талаптарына сай қайта орнатылды.


