ТҮРКІСТАН: «Жас сарбаз әншісі» әскери-патриоттық ән фестивалі өтті

0
435

Отан, туған жер, бейбітшілік, достыққа арналған әндерді шырқады.


ТҮРКІСТАН: «Жас сарбаз әншісі» әскери-патриоттық ән фестивалі өтті

Түркістанда «Жас сарбаз әншісі» әскери-патриоттық ән фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Түркістанда облыстық «Жас сарбаз әншісі» әскери-патриоттық ән фестивалі өтті.


Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен фестивальде облыстың барлық аудан, қаласының мектеп жанындағы «Жас сарбаздар» клубының оқушылары бақтарын сынады.


Фестивальдің алғашқы кезеңінде үміткерлер әскери-патриоттық тақырыпта ән орындады. Ал екінші кезеңде патриоттық Отан, туған жер, бейбітшілік, достыққа арналған әндерді шырқады.


Байқауда әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің магистр оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты Айжан Жолымбекова, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің персоналмен жұмыс қызметінің басшысы, майор Ерғали Алжанов қазылық етті.


Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Төлеби ауданынан келген өнерпаз Увайдулла Ағаділге бұйырды. Жүлделі I орынды Келес ауданынан Мерей Сегізбай иеленді. II орын иегерлері Жасұлан Тасболат (Жетісай аудан), Елдос Бағдәулет (Түркістан қаласы) атанды. Жүлделі III орынды кентаулық өнерпаз Рамазан Тілеужан, Бәйдібек ауданынан Эльдар Фархатұлы, Арыс қаласынан Ержігіт Беркінбек қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары берілді.