Бойы 170-175 см, толық денелі, беті сопақ, шашы қысқа қырқылған, оң көзінің астында сүйелі бар.
Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызға қарсы қылмыс жасаған күдіктіні іздестіруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 22 сәуірінде Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызына қатысты зорлық-зомбылық жайты бойынша жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабымен "Нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД Жетісай аудандық полиция бөлімі кәмелет жасына толмаған қызға зорлық-зомбылық жасаған азаматты іздеп жатыр. Ол 1961 жылдың 1 наурызында туған Әлімбеков Байзақ Өмірзақұлы есімді азамат.
Белгілері: бойы 170-175 см, толық денелі, беті сопақ, шашы қысқа қырқылған, оң көзінің астында сүйелі бар.
Жетісай АПБ полицейлері іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білетіндерге 8-778-555-48-01, 8-747-956-07-87 нөмірлеріне немесе 102 телефонына хабарлауды сұрайды.