WorldSkills – жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу мақсатында әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық ассоциация. Оның құрамына Қазақстан 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлекет болып тіркелген.
Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan - 2018» Ұлттық чемпионатына Түркістан облысының атынан 9 студент жіберіліп, оның 6-ы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ұлттық чемпионаттың жабылу салтанатына ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаев арнайы қатысып, колледж студенттері мен білікті жас мамандарды қол жеткізген жетістіктерімен марапаттады.
WorldSkills қозғалысын дамытудың негізгі мақсаты - кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың тәжірибелік дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігін сынау.