ТҮРКІСТАН: «Жасыл белдеу» аумағында сенбілік өтті

0
271

Жалпы тазалық жұмыстарына 1100 адам жұмылдырылып, белсенділік танытты.


ТҮРКІСТАН: «Жасыл белдеу» аумағында сенбілік өтті

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізілуде. Экологиялық шара аясында «Жасыл белдеу» аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Шараға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринария басқармасы мен «Жасыл аймақ» мекемесінен қызметкерлер атсалысты. Жалпы тазалық жұмыстарына 1100 адам жұмылдырылып, белсенділік танытты.


Қазіргі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылып, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 250 мыңға жуық әртүрлі ағаш көшеті толықтырылып, отырғызылды.

Бөлісу