ТҮРКІСТАН: Жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтар талқыланды

0
686

Аудан және қала әкімдері мәжіліске бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.


ТҮРКІСТАН: Жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтар талқыланды

Түркістан облысында жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтар талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық басқарма басшылары қатысты. Аудан және қала әкімдері мәжіліске бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.


Комиссия отырысының күн тәртібінде облыс бойынша бизнеске жер учаскелерін бөлу, бизнес нысандарына инфрақұрылымды жеткізу мәселелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы талқыланды.


Бұдан бөлек, №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының облыс аумағында іске асырылуы және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі баяндалды.


Сыртқы талдау қорытындысын баяндаған Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов талап етілген құжаттарды зерделеу жолымен бірқатар кемшіліктер анықталғанын хабарлады. Яғни, аукцион өткізбей жер бөлу, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер беру, конкурстар өткізу, бизнесті жүргізу үшін алынған жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жер құқығын беруден бас тартуда және тағы басқа да қызметтерде бірқатар заңбұзушылықтардың анықталғаны туралы мәлімдеді.


Аудан және қала әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлік субъектілері бар басқа жер учаскелеріне жаңа кадастрлық нөмірлер бере отырып, жер учаскелерін бөлу бойынша заңсыз іс-әрекеттер жасауға мүмкіндік беретін жемқорлық тәуекелдеріне жол бергені туралы айтылды.


Бұдан бөлек, талдау нәтижесімен шаруаға, фермер қожалығына, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін беру кезінде конкурстық рәсімдерде де анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндалды.


Комиссия отырысын қорытындылаған төраға облыс аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында отырыста баяндалған кемшіліктерді жою бойынша Түркістан облысының жер қатынастары басқармасына Департаменттің жолдаған ұсыныстарын Заң аясында орындауды тапсырып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.