ТҮРКІСТАН: Жергілікті бюджетке салықтан 112 млрд. теңге түскен

0
617

Барлық аудан, қалалар бойынша кірістер жоспары 100%-ға орындалады.


ТҮРКІСТАН: Жергілікті бюджетке салықтан 112 млрд. теңге түскен

Өмірзақ Шөкеев аппарат отырысында облыс бюджетінің орындалуының қорытындысын және салықтық түсімдер мәселесін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Бюджет қаржысын толық және тиімді игеру қажет. Құрылыс пен жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, сапалы орындалуы тиіс», - деген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аппарат отырысында облыс бюджетінің орындалуының қорытындысын және салықтық түсімдер мәселесін тыңдады.


Сондай-ақ, қаражаттың тиімді игерілуінің маңыздылығын еске салып, бұл мәселені қатаң бақылауды талап етті. Аймақ басшысы әкімдерге бюджетті жоспарлаған кезде халықтың барлық қажеттіліктерін ескеруді және бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауды жүктеді.


Атап өтсек, жергілікті бюджетке түсімнің өсім көлемі артып, салық түсімдерінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда да өсім бар. Қазіргі таңда жергілікті бюджетке түскен түсім көлемі 112 млрд теңгені құрады. Жылдың қорытындысымен барлық аудан, қалалар бойынша кірістер жоспары 100%-ға орындалады деп күтіліп отыр.