Оның 20-сы өсімдік, 39-ы мал шаруашылығы саласы мен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған.
Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданынан облыстық «Жобалық басқару кеңсесіне» ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған 59 жоба ұсынылған болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның 20-сы өсімдік, 39-ы мал шаруашылығы саласы мен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Олардың жалпы жобалық құны 2 млрд теңгені құрайды. Аталған жобалардың 20-сы кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылмақ. Оның ішінде 15 жоба 2 өнім алу, 2 жоба мал бордақылау, 1 жоба бие шаруашылығын ашу, 2 жоба лимон өсіру. Бүгінгі таңда 15 жобаның арқасында 2 өнім алу үрдісі ойдағыдай жүзеге асып отыр. Жоба иелері бірінші өнімге қырыққабат дақылынан өнім алып, екінші өнімге мақта, бақша, жүгері, маш дақылдарын егуде. Мәселен, биылғы ерте көктемде егілген 1022 гектар қырыққабат дақылының 600 гектарына жуық жеріне екінші өнім ретінде мақта дәні себілген.
Ал, қалған 39 жобаны іске асыру үшін банктер мен қаржы ұйымдарының тарапынан қосымша қаржылай қолдау қажет. Осы мақсатта аудан басшылығы тарапынан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және “KAZ AGRO PROJECT” ЖШС біргелікте жобаны іске асырушы азаматтардың бизнес жоспарлары мен кепілге қойылатын мүліктерінің құжаттарын толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жобалардың ішінде өндірістік куаты тәулігіне 50 тоннаға дейінгі сүт өңдеу нысанын құру бойынша 2 жоба енгізілген болатын. Олар: «Ақ алтын Береке» мен «Медет Сүт» ЖШС-і. Қазіргі таңда 2 жобада жұмыс істеуде. Алдағы уақытта өндірістік қуатылығын арттыру үшін 2 жоба да қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Аталған кәсіпорындар қаржы ұйымдарына құжаттарын тапсырып, қазіргі таңда ұсыныстары қаралу үстінде. Нақтырақ айтсақ, «Медет сүт» ЖШС-гі қайта өңдеу кәсіпорнының қуатылығын артырып, қайта өңдеуге қажетті сүтпен қамтамасыз ету мақсатында тауарлы сүт фермасын екінші этаппен 2020 жылы құрылысын жүргізіп, іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында сүт өнімдерінің 6 түрі өндірілуде.