ТҮРКІСТАН: Жетісайда «бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

0
239

Атап айтсақ, өткен жылы ауданда 23 гектар аумаққа жылыжай салынса, биыл бұл көрсеткіш тағы өседі деп жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда «бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

Жетісай ауданында «бір алқаптан жылына 2-3 өінім алу» жобасы сәтті жүзеге асып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы Жетісай ауданында да кеңінен қолға алынған. Бұл бағытта арнайы дайындалған жылыжайлардың да көлемі жыл сайын арта түсуде.


Атап айтсақ, өткен жылы ауданда 23 гектар аумаққа жылыжай салынса, биыл бұл көрсеткіш тағы өседі деп жоспарланып отыр. Бүгінде жылыжай шаруашылықтарында 1,75 га жерде қызанақ, 0,4 га жерде қияр, 2,8 га жерде балгар бұрышы, 0,3 га жерде баклажан, 1,3 га жерде лимон егілсе, 5,9 га жерден қырыққабат, 2,6 га жерден бақша көшеттері өндірілуде.


Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Атамекен ауылдық округіндегі жылына бірнеше өнім алуды жолға қойған Берік Байымбетовтың «Береке» жылыжайында болды.


2 гектар аумаққа орналасқан жылыжай ағын суды үнемдеп, өнім көлемін арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісін қолданады. Міне, осындай қиын кәсіптің арқасында табиғи таза өнім өндіріп, жергілікті тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып келеді. 1 гектарға лимон ексе, қалған 1 гектарына қызанақ пен қияр, болгар бұрышын егеді.


Айта кетейік, қазіргі таңда Атамекен ауылдық округінде жалпы аумағы 3,57 гектар жылыжай болса оның 1 гектарына лимон ағашы, 1,1 гектарына қырыққабат көшерттері егілген болса, 1,47 гектар жерге көкөніс дақылдарын егу жоспарлануда.