ТҮРКІСТАН: Жетісайда ерте егілген қырыққабаттан 30 мың тонна өнім алынған

0
589

Шет елдер мен еліміздің басқа өңірлеріне жөнелтілген.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда ерте егілген қырыққабаттан 30 мың тонна өнім алынған

Жетісай ауданында ерте егілген қырыққабат дақылынан 30 мың тонна өнім алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы Түркістан облысының Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі орталығында облыстың БАҚ өкілдерімен баспасөз брифингін өткізді. Басқосуда ауданда атқарылған, алдағы атқарылар жұмыстардың барысы таныстырылып, сұрақтарға жауаптар берілді.


Аудан әкімінің айтуынша, Жетісай ауданында бүгінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталуға жақын. Аудан шаруалары 48 мың га жерге мақта, 17,1 мың га жерге бақша, 3,5 мың жерге дәндік жүгері, 2,3 мың га жерге көкөністер және тағы басқа дақылдар еккен.


Ерте егілген қырыққабат дақылынан 30 мың тоннадан астам өнім жиналып, шет елдер мен еліміздің басқа өңірлеріне жіберілуде. Шаруалар бір жерден алынатын өнімнің көлемін арттыру мақсатында ерте жиналған өнімнің орнына екінші дақылдарды егу жұмыстарын жүргізіп. Мұндай жұмыстар 1,1 мың гектардан астам алқапқа жүргізіледі деп жоспарланған.