ТҮРКІСТАН: Жетісайда табысын жасырған 1000-нан астам азамат атаулы әлеуметтік көмек алған

0
2 147

Жетісай ауданында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке мемлекет тарапынан 2 млрд 475 млн теңге қаралған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда табысын жасырған 1000-нан астам азамат атаулы әлеуметтік көмек алған

Жетісай ауданында жыл басынан бері табысын жасырған 1005 азамат атаулы әлеуметтік көмек алған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай ауданында 2019-жылдың басынан бері 9 мыңға тарта отбасы мемлекеттен тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген болса солардың 2471-і Елбасы тапсырмасымен бала санына байланысты 21 мың теңгеден мемлекеттік жәрдемақы алғандар.
Сала мамандарының мәліметінше Жетісай ауданында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке мемлекет тарапынан 2 млрд 475 млн теңге қаралған. Өтініш берушілердің басым бөлігі өздеріне тиісті сумманы бүгінде алып үлгерген.
Әйтсе де, аудан аумағында табысын жасырып, жалған құжат жасатып бала санына төленетін 21 мың теңге жәрдемақыны алған 1005 тұлға анықталған. Бүгінде олардың 300-не мемлекеттен алған қаржыны қайтару туралы ескерту берілген.