ТҮРКІСТАН: Жетісайда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті

0
116

12 команда жетекшілері мен топ мүшелерінен қызметтік міндеттері сұралды, құтқару техникалары мен жеке құрамның дайындығы, апаттардың салдарын жою жұмыстары тексерілді.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті

Жетісайда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында жер сілкінісі, өрт, су тасқыны секілді айтып келмейтін апаттардың алдын алу мен дайындық жұмыстарын пысықтау, алдын алу бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін аудандық азаматтық қорғау және авариялық-құтқару қызметі қатарынан құрылған 12 команда жетекшілері мен топ мүшелерінен қызметтік міндеттері сұралды, құтқару техникалары мен жеке құрамның дайындығы, апаттардың салдарын жою жұмыстары тексерілді.


Шараны өткізудегі басты мақсат – айтып келмейтін табиғи-техногендік апаттарға қашан да дайын болу керектігін ескере отырып, аудандағы азаматтық құтқару топтарының дайындығын, қажетті техникалары мен құрал-саймандарының жарамдылығын пысықтау, тексеру.


Сонымен қатар, аудан басшысы оқу-жаттығу барысында апат орын алған жағдайда бірінші кезекте қажеттілігі туындайтын байланыс саласымен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін және барлау-құтқару қызметтерін жүргізетін басты салалардың жұмыстарына ерекше көңіл бөлді.


Осылайша аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен оқу-жаттығу жұмыстары тағы да бір рет пысықталды. Өйткені, еліміздің зайырлы, декмократиялы ел болып қалыптасуында үлкен маңызға ие Конституциямызда ең алдымен адам және адам өмірі, оның бостандықтары мен құқықтары бірінші орынға қойылған.

Бөлісу