​ТҮРКІСТАН: Жетісайда жәрдемақының жаңа форматы түсіндірілуде

0
1 875

Мамандар мұндай түсіндіру жұмыстарының алдағы уақытта барлық ауылдық округтерде жалғасатынын айтады.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда жәрдемақының жаңа форматы түсіндірілуде

Түркістан облысы, Жетісай ауданында әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі түсіндірілді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жұмағали Төреқұл бастаған топ елді мекендерді аралауды бастады. Басты мақсат – ауылдағы ағайынға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алудың жаңа жылданбастап қолданысқа енгізілетін жаңа ережесін түсіндіру. Аудан орталығы саналатын Жетісай қаласынан бастау алған кездесу Жаңа ауыл ауылдық округінде жалғасты. Мұнда сала мамандары көпбалалы аналармен жүздесіп, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрін, оны алу жолдары мен заңдылықтарын, ереже-талаптарын түсіндірді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

“Жаңа жылдан бастап мемлекеттік атаулы жәрдемақының жаңа түрі қолданысқа енгізіледі. Оны ережелері мен заңдылықтарында бірқатар өзгерістер бар. Міне, осы тұрғыда біз жоғары тұрған басшылыққа жәрдемақыны алуда кездесетін қиындықтардың алдын алу, көпбалалы аналарды әуре-сарсаңға салмау мақсатында әрбір округке бір маманнан сұрап отырмыз. Қазірде біздің ұсынымыз қаралып жатыр. Егер мақұлданып жатса мамандар құжат қабылдайтын комиссиямен бірге отырып, кем-кетіктің бәрі бір жерден туырланатын болады”,-дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Досыбайұлы.

Мамандар мұндай түсіндіру жұмыстарының алдағы уақытта барлық ауылдық округтерде жалғасатынын айтады.