ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы ағын су арналарының жай-күйі күнделікті бақылауда

0
57

Механикалық тазалау барысында канал табандарында жиналған лай-қоқыстар, шөгінділер мен бөгеттер алынған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы ағын су арналарының жай-күйі күнделікті бақылауда

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – ағын су арналарының қазіргі жағдайына зерделеу жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – ағын су арналарының қазіргі жағдайын зерделеу мақсатында жауапты сала басшыларымен бірге су өткізу қабілетін арттыру мақсатында тазарту жұмыстары жүргізілген каналдарды аралап, орындалған жұмыстардың сапасына зерделеу жүргізді. Механикалық тазалау барысында канал табандарында жиналған лай-қоқыстар, шөгінділер мен бөгеттер алынған. Бұл өз кезегінде ағын судың еркін өтуіне және егістік алқаптарды сумен уақытылы қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.


Сондай-ақ аудан басшысы көршілес Өзбекстан Республикасынан келіп жатқан ағын судың көлемін де көрді. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда су қалыпты деңгейде, вегетациялық кезеңде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қатаң бақылау қажеттігі атап өтілді.


Серік Үсенұлы су тапшылығының алдын алу, ысырапшылдыққа жол бермеу және шаруалардың сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекемелерге каналдарды жүйелі түрде тазалау жұмыстарын жалғастыру, гидротехникалық нысандардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау, су бөлу кестесін әділ әрі тиімді ұйымдастыру секілді нақты тапсырмалар берді.


Сонымен қатар су шаруашылығы саласында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізудің маңыздылығына, шаруалармен түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, стратегиялық маңызы бар ресурсты ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалануға бағытталған нақты шараларды іске асыру жолдары сөз болды.

Бөлісу