​ТҮРКІСТАН: Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 4 тонна қырыққабат таратып берді

0
1 184

Әжелер алқасы төрайымының ұйымдастыруымен 300 дана бетперде тегін таратылды.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 4 тонна қырыққабат таратып берді

Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 4 тонна қырыққабат таратып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округінің жеке кәсіпкері "Атамекен – Агро" ЖШС-ның басшысы Шынболат Қындыбайұлы және аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаеваның ұйымдастыруымен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 4 тонна қырыққабат және 300 дана бетперде қайырымдылық ретінде тарту етілді.

Бетперделер және қырыққабаттың 2 тоннасы Жетісай қаласында тұратын 52 жалғызбасты қарттар мен 19 аз қамтамасыз етілген отбасыларға үлестіріліп берілмек.

Ал қырыққабаттың қалған 2 тоннасы Асықата кентіндегі 46 жалғызбасты қарттар мен 42 мүмкіндігі шектеулі балаларға және 12 аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін болады.

"Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай, демеу көрсете білгені үшін ауданымыздың кәсіпкерлері мен әжелеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз",- дейді Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.