Үйіне азық-түлік жеткізіліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
фото: бейнежазбадан
Үйіне өрт қойған жетісайлық ананың уәжі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2022 жылдың 30 наурызында Гульмира Абыкай есімді журналист «Facebook» желісіндегі парақшасына "Жетісайда не болып жатыр" тақырыбында мақала жариялап, бейне көрсетілім жүктеген. Бейнежазбада Жетісай қаласы, Байтұрсынов көшесі, №63/1 үй тұрғыны Асабаева Акмарал үйінің ішінде от тұтатып, өзіне және балаларына қол жұмсайтынын, себебі қиындықтан, жоқшылықтан, қысымнан шаршағанын жеткізген.
А.Асабаеваның осы мағыналас бірнеше хабарламасы бойынша аудан прокуратурасы және аудан әкімдігінің үйлестіруімен тұрғынның уәждері қарастырылып, таныстарынан алған 1 250 000 теңге қарызы төленіп, кепілдікте тұрған үйі сот орындаушыларының кепілінен шығарылды. Сонымен қатар, үйіне азық-түлік жеткізіліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, А.Асабаева және оның балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше рет Шымкент қаласында орналасқан Кризистік Орталыққа апарып орналастыру ұсынылғанымен, одан бас тартқан. Осыған орай Кризистік Орталық ҮЕҰ-ның мамандары шақыртылған. Қазіргі таңда жетісайлық А.Асабаева мен оның балаларына қауіп төніп тұрған жоқ.