WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы, «WBC Asia» чемпиондық белбеуінің иегері – «Қазақ сарбазы» лақап атымен танымал Садриддин Ахмедов туған жері Жетісай ауданына келіп, жастармен кездесті.
Қазақ боксының жарқын болашағы, кәсіпқой бокста WBC тұжырымының жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедовті Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев қабылдап, сый-құрмет көрсетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сонан соң чемпион «Сырдария» университетінде ауданның белсенді жастарымен кездесіп, ашық пікір алмасты. Спорт саласында жеткен жетістіктерінің негізгі себептерін сөз еткен «Қазақ сарбазы» жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, сапалы білім алып, алдына қойған мақсаттарына жете білуге шақырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, спортқа келген алғашқы кездеріндегі қиындықтарды қалай жеңгенін, алғашқы жеңіс тұғырына көтеріліп еліміздің Әнұраны ойналған кездегі сезімдерімен бөлісті.