ТҮРКІСТАН: «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде 432 пәтер ел игілігіне беріледі

0
65

Мердігер компания басшыларымен кездесіп, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды жүктеді.


ТҮРКІСТАН: «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде 432 пәтер ел игілігіне беріледі

Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы бағыттағы жұмыстармен танысу мақсатында құрылысы қарқын алған «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніне арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын тексерді. Мердігер компания басшыларымен кездесіп, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды жүктеді. Салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің сапасы басты назарда тұруы тиіс екенін айтқан облыс басшысы құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды ескертті.


Жалпы жер көлемі 5,2 гектарды алып жатқан тұрғын үй кешенінде 432 пәтер қарастырылған. Пәтерлердің ауданы – 23 178,4 шаршы метр. Қазіргі таңда құрылыс барысы 90 %-ға аяқталған. Жобаның жалпы құны – 7 880,6 млн теңге болса, бүгінгі күнге дейін 4 755,8 млн теңге игерілген. Құрылыс жұмыстарын «Bolt Construction Group» ЖШС (3 үй – 324 пәтер, 17 384 шаршы метр) және «Отар құрылыс» ЖШС (1 үй 108 пәтер, 5 794 шаршы метр) жүргізуде.


Облыс әкімі одан кейін Түркістан қаласында 5000 орынға арналған мешіттің абаттандыру жұмыстарын қадағалады. Құрылыс алаңына арнайы барған Нұралхан Көшеров абаттандыру сапасына ерекше назар аударып, мердігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.


Мешіттің жалпы аумағы – 4,2 гектар. Құрылыс алаңы 1286,08 шаршы метрді құрайды. Абаттандыру жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» мекемесі жүргізіп жатыр, ал техникалық қадағалаушы «Сайрам құрылыс» ЖШС. Мешіттің маңына ағаштар отырғызылып, жарықшамдар орнатылуда. Шығыстық нақышта бой көтерген еңселі мешіттің құрылысы бүгінде 95% пайызға аяқталған.

Бөлісу