ТҮРКІСТАН: Жол апатын жасап, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

0
485

Ол қаққан азамат ес жимастан қайтыс болды.


ТҮРКІСТАН: Жол апатын жасап, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жол көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне ауруханадан ауыр жарақат алған ер адамды жансақтау бөліміне жеткізгені туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары жәбірленушіні белгісіз көлік қағып, жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Кентау қаласының тұрғыны алған жарақаттарынан есін жимастан қайтыс болған. Жасырынған жүргізушіні іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен тәжірибелі полиция тобы жұмылдырылған.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары жасырынған жүргізушінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Оны қалалық полиция бөліміне жеткізді.


ЖКО жайты бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы «жол жүрісі немесе көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «жол-көлік оқиғасы болған жерден кету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда. Анықтаушылар жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтауда.