ТҮРКІСТАН: Жол сервисін жаңғырту жұмыстары қарқын алды

0
31

Аталған жұмыстар арнайы Жұмыс тобы тарапынан бақылауға алынған.


ТҮРКІСТАН: Жол сервисін жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Түркістан облысында жол сервисін жаңғырту жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикалық жолдардағы сервис сапасын арттыру бағытындағы кешенді жұмыс аясында Түркістан облысында жол бойы қызмет көрсету нысандары ретке келтіріліп жатыр.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасымен Түркістан–Шымкент және Шымкент–Сарығаш бағыттарында орналасқан сервистік нысандарды жаңғырту шаралары жүйелі түрде қолға алынды. Аталған жұмыстар арнайы Жұмыс тобы тарапынан бақылауға алынған.


«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына қарасты нысандардың бірқатары қазіргі заман талаптарына сай жаңартылып, қызмет сапасы жақсартылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге тиесілі сервистік нысандарда да ретке келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.


Қазіргі таңда 15 нысан толық заманауи форматқа сәйкестендірілді, ал 70 нысанда жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шаралар республикалық маңызы бар жолдардағы қызмет сапасын көтеруге және жол бойындағы инфрақұрылымды біріздендіруге бағытталған.

Бөлісу