ТҮРКІСТАН: Жылына 200 млн. дана жұмыртқа шығаратын зауыттың құрылысы басталады

0
288

Жобаның жалпы инвестициялық құны 8 млрд. теңгені құрайды.


ТҮРКІСТАН: Жылына 200 млн. дана жұмыртқа шығаратын зауыттың құрылысы басталады

Түркістан облысында жылына 200 млн дана жұмыртқа және құрама жем шығаратын зауыттар салынбақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жылына 200 млн дана жұмыртқа және құрама жем шығаратын зауыттар салынбақ. Бұл мақсатта қазір Бәйдібек ауданында 100 гектар жер учаскесі қарастырылып, құжаттары рәсімделуде.


«ERNUR» ЖШС-нің жеке инвестициясына жүзеге асқалы отырған зауыттың құрылысы биыл басталады. Ал жобаның жалпы инвестициялық құны 8 млрд. теңгені құрайды.


Қазіргі таңда құны 1,5 млрд. теңге болатын мал азығын шығаруға қажетті құрал-жабдықтар Түркиядан әкелінді. Аталған жабдықтардың көмегімен сағатына 20 мың кг жем өндіруге болады. Ал құс фермасы 600 мың басқа лайықталған. Онда жылына 200 млн дана жұмыртқа шығарылып, бірінші кезекте ішкі нарықты қамтымақ.


Жалпы жоба толық қуатымен жүзеге асып, зауыттар іске қосылса 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.