Түркістанда 30-ға жуық мобильді бригада жұмыс істеп жатыр

0
648

Бригадалар 516 шақыртуға барып, мыңнан астам азаматтан ПЦР-сынамасы алынған.


Түркістанда 30-ға жуық мобильді бригада жұмыс істеп жатыр

Түркістан қалалық ауруханасында 28 мобильді бригада жасақталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Коронавирус инфекциясының алдын алу, таралуына жол бермеу және сақтық шараларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі жанынан 6 мобильді топ құрылып, мониторингтік және түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.


Аурумен күресуге жеке клиникалардан бөлек, қалалық ауруханада 18 мобильді бригада жұмылдырылып, қосымша 10 мобильді бригада жасақталған. Қаңтар айының басынан бері мобильді бригадалар 516 шақыртуға барып, тұрғындар саулығын тексерсе, 1342 азаматтан ПЦР-сынамасы алынған.


Соңғы көрсеткіштер бойынша қалада "Сovid-19" инфекциясын жұқтырғандар 22 болса, пневмония және "омикрон" жұқпасын жұқтыру дерегі тіркелмеген.