Науқасқа тексерулер жүргізіліп, баланың бауырында көлемі 14 см болатын эхинококк құрты болу диагнозы қойылған.
Түркістанда 9 жастағы баланың бауырынан эхинококк құрты табылып, күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық балалар ауруханасында 9 жасар балаға күрделі ота жасалды. Науқасқа тексерулер жүргізіліп, баланың бауырында көлемі 14 см болатын эхинококк құрты болу диагнозы қойылған. Білікті дәрігер Мұхан Спабекұлының жетекшілігімен күрделі ота жүргізіліп, мамандар эхинококк құртын ашық әдіспен алып шықты.
Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізіліп, қажетті емдік шаралар қолданылды. Науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.
Мамандар ата-аналарға балалардың денсаулығына ерекше мән беріп, шағымдар пайда болған жағдайда уақтылы дәрігердің көмегіне жүгіну қажеттігін ескертеді.